Skip to content

Ұлытау облысының “Ұлытау дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау…

Ұлытау облысының "Ұлытау дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы 2025 жылдың 27-ші наурызында "Ұлытау дарыны" орталығымен "Canadian International School" ЖШС-тің ұйымдастыруымен 9-сынып оқушылары арасында "Ұлытау облыстық зияткерлік үстел ойынын өткізді.
Осыған орай,аталған ойынға N7 Жалпы білім беретін мектептің 9а-сынып оқушысы Сексен Нұрасыл қатысып,ойын ережесіне сәйкес өз белсенділігін көрсетті.
Бұл үстел ойынының мақсаты: қазақ халқының сан ғасырлық тарихын,ежелгі кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейінгі ел тағдырын айқындаған негізгі тарихи оқиғалар мен ұлы тұлғаларды дәріптеу арқылы ұлттық сананы қалыптастыру және тарихи мұраны қастерлеу.
Міндеті: ойын барысында тарихи деректер мен оқиғалар туралы сұрақтарға жауап беру арқылы танымдық қабілеттерін дамыту. "Ұлытау зияткерлік үстел ойынын"Қаражал қаласы аумағында өткізу алдағы уақытта жоспарда бар, және де әр мектепте жалғасын табады.
Жетекшісі тарих пәні мұғалімі: Мухаметжанова А.А.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *