Skip to content

Ұлытау облысы білім басқармасының 2022-2023 оқу жылының аяқтау шаралары жоспарына…

Ұлытау облысы білім басқармасының 2022-2023 оқу жылының аяқтау шаралары жоспарына сәйкес 2023 жылдың 26 мамыр күні 9-сынып түлектері мен ата-аналарына арналған “Мақсат. Қадам. Сенім” атты панорамалық-кеш өтті. Іс-шара жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында мектеп психологтарының тренинг өткізуімен ашылды. Аталған іс-шарада колледж өкілдері мен әр салада жетістікке жеткен ата-аналар өз тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шара барысында оқу ісінің меңгерушілері қорытынды аттестаттау тапсыру мерзімдері мен өткізілу форматымен таныстырды. Іс-шара соңында ата-аналар балаларына деген жылы лебіздерін білдіріп, өздеріне деген сенімділіктері арта түсті.
Жауапты 9-сынып жетекшілері: Ж.С. Карибаева және М.А. Жанабаева

@safura_seidualiqyzy
@karazhal_bilimbolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *