📚🇰🇿ҰЛЫТАУ БІЛІМІ-2023
📊Ұлытау облысында 58 416 баланы қамтитын 161 білім беру ұйымы жұмыс жасайды, оның ішінде 101 мектепке мектепке дейінгі ұйым (11 411 тәрбиеленуші), 88 мектеп (40 646 оқушы), 15 колледж (6 359 студент).
🐥БАЛАБАҚША – ӨСІП-ЖЕТІЛУДІҢ ЖАЙЛЫ МЕКЕНІ
❇️2023 жылы 319,7 млн.теңгеге 12 балабақшада ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіліп, МТБ жақсартуға 57,7 млн. теңге қаражат бөлінді.
❇️Мемлекеттік балабақшаларда қауіпсіздік талаптары толық қамтамасыз етілген: 1756 бейнебақылау камерасы, облыс орталығындағы 14 балабақшада күзет қызметі және FACE ID арқылы кіру-өткізу жүйесі орнатылған.
❇️Облыстағы 2 жетекші балабақша құзыреттілік орталығы ретінде бекітіліп, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жетілдірудегі тәжірибесімен және инновациялық идеяларымен алмасудың орталығына айналды. Ағымдағы жылы 600 педагог біліктілікті арттыру курсынан өтті .
❇️2023 жылы 356 жаңа орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды.
❇️ 2-6 жас аралығындағы балаларды МДҰ қамту көрсеткіші – 78,9%-ды құрады(2022 ж. – 78,7%).
❇️Қазіргі күні 2 038 бала мектепке дейінгі ұйыммен тегін қамтылуда.
@karazhal_bilimbolimi
@ulytau_bilim

