Таза қала – біздің ортақ үйіміз
Біздің қала – бәріміздің ортақ үйіміз. Қалай өз үйімізді таза ұстасақ, қоршаған ортаны да сондай ұқыптылықпен қорғауымыз керек. Балабақшадағы балаларға табиғатты сүюді, айналаны таза ұстауды үйрету – тәрбиенің маңызды бөлігі.
Балалар қоқысты жерге тастамауды, гүлдер мен ағаштарды сындырмауды, суды және электр жарығын үнемдеуді үйренеді. Бұл – олардың ертеңгі күні табиғатты құрметтейтін, жауапты азамат болып өсуіне алғашқы қадам.
Таза қала – әр адамның өз ісінен басталады. Бүгін кішкентай ғана тазалық әрекеті ертең үлкен өзгерістер әкеледі. Сондықтан балаларды табиғатты қорғауға, тазалық сақтауға баулу – ортақ міндетіміз. Таза қаланы бірге жасаймыз!
"Балдырған" шағын орталығының тәрбиешісі: Г.А.Нысанова
#біртұтас_тәрбие
#karazhal_bilimbolimi
