Skip to content

Тарих, география, кәсіптік бағдар беру айлығының жоспары бойынша география пәнінің…

Тарих, география, кәсіптік бағдар беру айлығының жоспары бойынша география пәнінің мұғалімі Б.Б. Кәріп 9 "Ә" сыныбында "Қазақстанның ішкі сулары" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Бүгінгі сабақта оқушылар Қазақстанның ішкі суларын зерттей отырып, өзендер мен көлдерді дұрыс топтастырды және олардың негізгі ерекшеліктерін талдады. Сабақ барысында картадан өзендердің орналасуын анықтап, географиялық таралу заңдылықтарын байқады. Сонымен бірге комикс әдісі арқылы Каспий, Арал және Балқаш көлдерінің көлемі, экологиялық жағдайы, табиғаттағы орны сияқты маңызды көрсеткіштерін шығармашылық түрде сипаттап, талдау жасады. Бұл тапсырмалар арқылы оқушылар су ресурстарының маңызын түсініп, туған өлкенің табиғи байлығын бағалауға мүмкіндік алды.

#karazhal_bilimbolimi #birtutas_tarbiye

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *