Skip to content

Мектебімізде 18.02.25 ж. күні 15-ақпан Ауған соғысы ардагерлерінің Ауғаныстан жерінен…

Мектебімізде 18.02.25 ж. күні 15-ақпан Ауған соғысы ардагерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай "Қамқор" жобасы аясында, “Өшпес ерлікке мәңгі тағзым” атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Ауған соғысына қатысқан жауынгер интернационалист ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Іс-шараға уақыт пен тарихтың мәңгі жадында қалған оқиғаларды өз басынан өткерген ағаларымыз Баянов Нұрғали Аманұлы, Өтемісов Думан Ибрахимұлы қатысты.
Сол бір сұрапыл соғыстың естеліктерін ортаға салып, оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді. Ардагерлер оқушыларымызға жылы лебіздерін айтып, рақметін айтты.

Өткізген: Тарих пәнінің мұғалімі Мухаметжанова А. А.
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Кенесова М.Ж.
АӘД пән мұғалімі Торғайбеков А.Б.

#біртұтас_тәрбие
@karazhal_bilimbolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *