Skip to content

Құрметті жерлестер, әріптестер, ардагерлер! Сіздерді 9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен…

Құрметті жерлестер, әріптестер, ардагерлер!

Сіздерді 9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.

Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін!

Құрметпен, #7 ЖББМ директордың м.а Аманкуль Шыныбаевна Абдишева

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *