Құрметті, ер азаматтар, бейбіт өміріміздің сақшылары!
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, қажымас қайрат, мықты ерік-жігер, таусылмас бақыт тілеймін! Отбасыларыңыздың қорғаны, ата-аналарыңыздың үмітін ақтар азамат болуларыңызға тілектеспін!
Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын. Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Еңбекте табыс, таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт тілеймін. Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз берік болсын.
Құрметпен, #7 ЖББМ директордың м.а Аманкуль Шыныбаевна Абдишева

