Skip to content

📚✨ Кітапханаға саяхат! ✨📚 Лагерь балалары үшін ерекше әсерлі күн…

📚✨ Кітапханаға саяхат! ✨📚
Лагерь балалары үшін ерекше әсерлі күн болды — біз кітапханаға саяхат жасадық!

Балалар кітапхана қызметімен танысып, кітаптарды қалай іздеу, таңдау және пайдалану керектігін білді. Түрлі жанрдағы әдебиеттерді парақтап, өздеріне ұнаған кітаптарды таңдап, кітап оқу мәдениетімен жақын танысты.

Саяхат барысында балаларға арналған шағын әдеби шолу, қызықты сұрақ-жауап ойыны және танымдық тапсырмалар ұйымдастырылды. Бұл олардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, білімге деген құштарлығын оятты.

📖 Кітапхана — білімнің қайнар көзі. Балалар бұл саяхаттан үлкен әсер алып, кітап оқудың жаңа әлеміне енді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *