
Директор
Аманкүл Шыныбаевна Абдишева 1979жылы 16қаңтарда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. 2004ж-2009жылы Кар МУ –дың биология – география факультетінде оқыды. 2003 жылы Қаражал қаласының №7жалпы білім беретін мектебінің информатика курсын аяқтап Қаражал қаласының №5 орта мектебінде информатика пәні мұғалімі болып еңбек жолын бастады. 2007жылдан бастап сол мектепте тәрбие ісінің меңгерушісі және информатика мұғалімі болып қызмет жасады. 2009-2018жылдар аралығында география пәні мұғалімі және тәрбие ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2018-2020 жыл аралығында Қаражал қаласының №1жалпы білім беретін мектебінің директордың оқу әдістеме ісі жөніндегі орынбасары және география пәні мұғалімі болды. 2020-2022жылдар аралығында Қаражал қаласының қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі болып қызмет жасады. 2022жылдан бастап Қаражал қаласының №7жалпы білім беретін мектебінің директоры қызметін атқарады.Педагог –сарапшы, Еңбек өтілі-22
2020ж ҚР Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаты,
2021ж Қаражал қаласының әкімінің мадақтамасы,
2023ж“BILIM-ORKENIET” Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының алғыс хаты,
2019ж ҚарУ Биология-жағрафия факультетінің алғыс хаты
2022ж Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының алғыс хаты,
2021ж Қаражал қаласының білім бөлімінің мадақтамасы,
2022ж Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының құрмет грамотасы,
2022ж Ұлытау облысының білім басқармасының сертификаты,
2024жылы Ұлытау облысының Білім ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіп одағының төрағасы М. Қоңыраевтың Құрмет грамотасымен марапатталды.