Skip to content

Қазақстан Республикасының 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай “Тәуелсіздік – ұлт…

Қазақстан Республикасының 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай “Тәуелсіздік – ұлт мұраты, ұрпақ болашағы” атты онкүндік іс-шара жоспары аясында “Көшбасшылық: Құндылық, іс-әрекет, құзырет” тақырыбында мектебіміздің түлегі, спортшы, дзюдо спортының жаттықтырушысы – Тұрабай Нұр Хасенұлынан сұхбат алып, жастарды қызықтырған сұрақтарға жауап алдық. Өзінің сүйікті ісімен шұғылданып, еңбек етіп, жастарға үлгі болып жүрген Нұр Хасенұлы болашаққа қойған мақсаттарымен де бөлісті. Ол халықаралық жарыстарда ел намысын қорғауды басты арманы санайды. Сонымен қатар, жас спортшыларға ешқашан берілмей, өздеріне сенуді және армандарына адал болуды кеңес етті.

Бұл сұхбат спорттың тек жеңіс емес, үлкен жауапкершілік пен өмірлік тәрбие екенін түсіндірді. Спортшының өмір жолы әрбір жасқа үлгі бола алады. Сұхбат алушы: 11 “А” сынып оқушысы – Аманкешова Тоғжан.

@ulytau_bilim
@ulytaumc
#Тәуелсіздіккүні

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *