ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН ӨТКІЗІЛДІ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 Бұйрығының 2-тарау 34-бабы негізінде ағымдағы жылдың 27 мамыр күні 5-6 сыныптар арасындағы білім алушыларға қазақ тілі пәнінен мемлекеттік емтихан өткізілді. Мектеп басшысы А.Ш.Абдишева белгіленген тәртіп бойынша емтихан материалдары салынған конвертті ашып беріп, оқушыларға сәттілік тіледі.







