Халықаралық оқушы қабілетін бағалау бағдарламасы (PISA) үш жылда бір ұйымдастырылатын әлем елдері арасында 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын тексеру мен бағалаудың халықаралық бағдармасы.
PISA бағдарламасының мақсаты білім берудің әдіснамасы мен нәтижесіне пайдалы әсер ету.
Аталған бағдарлама қазіргі әлемде оқушылар қабілетін тексеру мен бағалаудың ең пайдалы жобасы болып отыр.
PISA бойынша 26 ақпан күні “Өрлеу” ұлттық біліктілікті арттыру орталығы” АҚ ҚР оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасы негізінде “ Өзіне сенімділік – жетістіктің кілті” тақырыбында 9-10 сынып жетекшілері мен мектеп психологтары үшін онлайн-семинар өткізді. Семинар барысында қажетті мәліметтер мен кеңестер берілді.


