Skip to content

📣ХАБАРЛАНДЫРУ!!!📣 АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА! Құрметті ата-аналар! “N7 жалпы білім беретін мектебі”…

📣ХАБАРЛАНДЫРУ!!!📣
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
Құрметті ата-аналар!
"N7 жалпы білім беретін мектебі" КММ жаңа жыл мерекесін мектеп қабырғасында заң талаптарына толық сәйкес, қауіпсіз әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өткізу мақсатында төмендегі маңызды ережені назарларыңызға ұсынамыз:
ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІН ӨТКІЗУДІҢ ЕРЕЖЕСІ
1️⃣ Ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
Мектеп аумағында ата-ана, оқушы немесе сынып тарапынан кез келген мақсатта ақша жинауға жол берілмейді.
2️⃣Сыйлық беруге және алуға болмайды.
Мұғалімдерге, мектеп қызметкерлеріне сыйлық беру немесе сыйлық алу заңсыз әрекет болып табылады.
3️⃣ Қойылымдар тегін ұйымдастырылады.
Жаңа жылдық қойылымдар мен мерекелік іс-шаралар қаржылай салымсыз, мектеп мүмкіндіктері аясында өтеді.
4️⃣Баланың қауіпсіздігі басты орында.
Мереке кезінде оқушылардың өмірі мен денсаулығы толық бақылауда болады.
5️⃣Артық безендіру мен сән-салтанатқа жол берілмейді. Қарапайымдылық пен тәрбиелік мазмұны сақталады.
6️⃣Ұлттық және рухани құндылықтар дәріптеледі.
Мерекелік бағдарламалар тәрбиелік, өнегелі бағытта ұйымдастырылады.
7️⃣Ата-ана мектеп серіктесі.
Біздің басты байлығымыз өзара сыйластық пен ынтымақтастық.
8️⃣Жылы лебіз ең құнды сый.
Ұстаздар үшін ең үлкен марапат – шәкіртінің жетістігі мен ата-ананың алғысы.
9️⃣Заң бұзушылыққа жол берілмейді.
Ереже бұзылған жағдайда жауапкершілік заң аясында қаралады.
🔟Кері байланыс әрқашан ашық.
🏫Мектептің басты мақсаты
Сіздің балаңызға сапалы білім, саналы тәрбие беру.
Ұстаз бен ата-ана бірлесе отырып, еліміздің болашағы жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиеге баулиық!
Құрметпен, мектеп директоры және мектеп әкімшілігі.
Хабарландыру ресми сипатта. Барлық ата-аналар үшін міндетті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *