Бүгін мектебімізде Наурыз мерекесіне арналған ерекше іс-шара өтті. Қоңырау уақытында 5А, 6А және 7Ә сыныптарының оқушылары ұлттық құндылықтарды насихаттай отырып, мерекелік қойылым ұйымдастырды.
Іс-шара барысында оқушылар домбырамен күй тартып, дәстүрлі билер орындады. Әсіресе, “Қара жорға” биі ерекше көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, асық атып, қол күрестіріп, ұлттық ойындарды жандандырды. Бұл ойындар қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрін бейнелеп, жас ұрпаққа үлкен тәрбие берді.
Наурыз мерекесі – бірлік пен татулықтың, жаңару мен көктемнің символы. Осындай іс-шаралар арқылы оқушылар ұлттық мәдениетті терең түсініп, дәстүрлерімізді дәріптеуге өз үлестерін қосты. Мереке мектеп қабырғасында жарқын көңіл-күймен жалғасын тапты.
Сынып жетекшілер:
Сажинова И.Қ – 5 «А»
Матенова Ж.Б – 6 «А»
Сагитова Б.С – 7 «Ә»
#біртұстастәрбие
@karazhal_bilimbolimi
