Бүгін біздің шағын орталығымызда табиғатты қорғауға, балалардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған “Табиғатты аялайық” атты шығармашылық көрме ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – бүлдіршіндерді айналадағы табиғатты қорғауға, қайта өңдеуге болатын материалдарды тиімді пайдалануға және экологиялық ойлау қабілетін дамытуға тәрбиелеу.
Көрме өте әсерлі, мазмұнды өтті. Қатысқан барлық топтар белсенділік танытып, табиғатқа деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті өз жұмыстарымен жеткізе білді. Балабақша ұжымы осындай экологиялық бағыттағы шараларды алдағы уақытта да жалғастыруды жоспарлап отыр.
Балдырған шағын орталығының тәрбиешісі: И.Д.Диханова
#біртұтас_тәрбие
#karazhal_bilimbolimi
