Бүгін, №7 ЖББМ-де Айыртау ауданы, Лобанова ауылында жаңадан ашылған «ЗЕЙНЕП» жоғары көпсалалы колледжінің әдіскері, жазушы Ескекбаев Дәуренбек Биматыұлы 11 сынып оқушыларымен колледжге қабылдау жайлы кездесу жүргізді.
«Зейнеп» жоғары көпсалалы колледжінің студенттері 15 бағыт бойынша оқытылады. Айыртау ауданында курорттық аймақтардың барын ескере келе, басымдық туризм мен менеджмент саласына берілмек. Мектеп түлектеріне 100 мемлекеттік грант бөлінген.
Оқу ақысы, жатақхана және үш мезгіл тамағы тегін. Степендиясы әзірге 35 000 тг. ал Жаңа Жылдан бастап 55 000 тг. болады. Үлгерімі жоғары талапкерлер Алматыдағы Жоғары Меджмент Университеті 3 курсына (АлмаЮ) бірден қабылданатын болады.
Байланыс номері: 8-701-558-1956;
Ескекбаев Дәуренбек Биматұлы.
Жауапты: кәсіби бағдар беруші Мұқажан М.Қ.
@safura_seidualiqyzy
@karazhal_bilimbolimi







