«Балдырған» жазғы мектеп лагерінің жабылуы өтті.
Лагерь – бұл кішкентай өмір! Лагерьдегі барлық ауысымның әр күні қызықты оқиғалар мен шараларға толы болды. Лагерь бағдарламасында: экскурсиялар, кинотеатр, түрлі викториналар, спорттық іс-шаралар көп болды. Дәстүр бойынша балалар лагерь ауысымының соңында ауысым кезінде басынан өткерген барлық жақсы оқиғаларды еске алды. Жұмыстың қорытындысы шығарылды.
Мектеп әкімшілігі барлық балалар мен мұғалімдерге жазғы демалысты жақсы өткізуді тілейді!



