"Балдырған" жазғы лагері балалары үшін Қаражал қаласының өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келді.
Балалар өрт сөндірушілердің жұмысымен танысып, олардың кезекшілік күндері қалай өтетінін, өрт сөндіріп, адамдарды құтқару үшін қандай арнайы көліктер мен жабдықтар қолданылатынын білді.
Өрт сөндіру қызметкерлері балаларға үйде және көшеде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндіріп, өрт болған жағдайда қалай әрекет ету керектігін көрсетті.
Балаларға өрт сөндіруші каскаларын киіп көру және нағыз өрт сөндіру көлігінің кабинасына отыру ерекше ұнады.
Экскурсия балаларға керемет әсер қалдырып, отқа ұқыпты қарау мен кез келген жағдайда сақ болудың маңыздылығын еске салды.









