Бала бесіктен белі шығып, еңбектенуден өткен соң, аяғын қаз-қаз баса бастайды. Өз аяғымен туған жерінің топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап, таң-тамаша болады. Бұл кішкентай бөбектің ең алғашқы талпынысы, өзі жасаған тіршілігі. Осындайда дана қазақ баланың келешегіне ақ жол тілеп,«балам тез жүріп кетсін» деген ниетпен «тұсаукесер» тойын жасайды.
Халықтық түсінік бойынша, тұсауы кесілмеген бала сүріншек болады.Тұсаукесер тойы да сүндет той секілді әрбір қазақ шаңырағында ерекше дайындықпен міндетті түрде аталып өтілетін дәстүрлі қуаныш.
Осы киелі дәстүрімізді өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында “Күншуақ”лагерінде “Тұсаукесер-қазақтың ұлттың дәстүрлерінің бірі” атты танымдық көрінісі өткізілді.
Кішкентай сәбидің тұсауын лагерь жетекшісі, үлгілі ұстаз, аяулы ана Асем Мухаммедиевна сәбиге ақ батасын айтып, тұсауын кесті.
Шашу шашылып, балаларға тәтті-дәмділер ұсынылып, қазақтың дәстүрлерін алға қою жайында шағын әңгіме құрылды.
@ulytau_bilim
@karazhal_bilimbolimi
@ibrataevna
