Ата¬-бабаларымыз ұлттық киімдерімізді зор талғаммен, сәнді әрі қонымды етіп үйлестіре білген. Киім-кешек — тек шүберек қана емес, сол ұлттың мәдениетінен, қоғамдық өмірінен сыр шертетін ажырамас бөлігі.
Қазақтың ұлттық киімі мен әшекей-бұйымдарының түрі өте көп. Сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан ұлттық киімдер әлі де өз құндылығын жоғалтқан жоқ.
Ұлттық киім – халқымыздың мәдениеті мен тарихының айнасы. Біз, 10 "Ә" сыныбы, ұлттық киімдер күніне орай ерекше видео түсірдік. Бұл күн дәстүрімізді дәріптеп, мәдени мұрамызды ұлықтаудың тамаша мүмкіндігі. Ұлттық рухымызды бірге көтерейік.
Тақырыбы: Ұлттық киім – ұлт келбеті
Сынып жетекші: Төлегенова М.М.
Сынып: 10 "Ә"
#ҰлттықКиімКүні #ҚазақМәдениеті #БіздіңСынып #МектепЕстелігі #ҰлттықРух
@karazhal_bilimbolimi
