Skip to content

Ағымдағы жылдың 18 наурыз күні Ұлытау облысының әдістемелік орталығының жоспарына…

Ағымдағы жылдың 18 наурыз күні Ұлытау облысының әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Қаражал қаласы білім бөлімінің #1, 3,5,6,7,10,11,30 мектептерінің әкімшілік мүшелеріне мектептің даму бағдарламасына оффлайн форматта түсіндірме жұмысы жүргізілді. Әдістемелік орталықтың директорының орынбасары Сандуғаш Сәрсенқызы сессия барысында:
📌әр мектептің өзіне тән ерекшеліктері (идентификациясы);
📌 мектептің орналасқан жеріне қарай үштік одақтың сұраныстары;
📌ағымдағы жағдайларының мықты жақтарына қауіп тудыратын сыртқы факторлар;
📌мектептің әлсіз тұстарын жетілдіретін сыртқы мүмкіндіктер;
📍Мектептің даму бағдарламасы үштік одақтың, жалпы қоғамның мектепке сенімін арттыру мен тұрақты дамудың кепілі болу керектігі жайлы сөз қозғады.
📍Мектеп әлеміне позитивті өзгерістер енгізуде мұғалім мен оқушы үндерінің маңыздылығын еске түсірді;
📍кез келген мәселерді ортақ талқылауға салу арқылы құндылықтарға негізделген мәдениет қалыптастырудың нәтижелілігі туралы тілге тиек етті.
Әдістемелік көмек беру барысында орталық әдіскері мектептердің өз тәжірибесіне сыншы дос позициясынан қарауға мүмкіндік берді.
@karazhal_bilimbolimi
@ulytau_bilim

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *