13.10.2025 жылы 5 “Ә” сыныбында математика пәні мұғалімі Кожамсейтова З.А. LS -2 өткізді. Сабақтың тақырыбы: Бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында жұптық және топтық жұмыс әдістері қолданылды. Сонымен қатар көрнекі материалдар мен есептер жинағы қолданылып, оқушылардың тақырыпты терең меңгеруіне және өз бетімен жұмыс жасау дағдысын дамытуға жағдай жасалды.

