🏆 ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ЧЕМПИОНАТЫ 🏆 ДЗЮДОДАН ЖАСӨСПІРІМ ҰЛДАР МЕН ҚЫЗДАР АРАСЫНДА 🤼♂️🤼♀️ Жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, жаңа чемпиондарды анықтайтын үлкен дода өтті. ✨ Осы тұста ерекше атап өтетін жайт – Баянова Қарлығаш пен Голяткина Алина өз шеберліктерін көрсетіп, чемпионатта жоғары нәтиже көрсетті. Қарлығаш пен Алина бірінші орын иегерлері атанып, татамиде үздік өнерімен көзге түсті. 👏 Екеуін де шын жүректен құттықтаймыз! 💪 Жаңа жетістіктер мен жеңістерге жолдары ашық болсын!
#біртұтас_тәрбие
#karazhal_bilimbolimi
#дзюдо #Ұлытау #чемпионат #спорт #жастар #жеңіс
