10 «Б» сыныбында Мұнайшылар күніне арналған танымдық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар Қазақстан картасымен жұмыс жасап, мұнай өндіретін негізгі аймақтар мен кен орындарын белгіледі. Оқушылар мұнайшылардың еңбегінің ел экономикасындағы маңызын талқылап, өз ойларымен бөлісті.

