Skip to content

Бүгін мектебімізде үш тілге — қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне…

Бүгін мектебімізде үш тілге — қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне арналған қызықты викторина «Lingua Games: KZ–RU–EN» өтті.
Қатысушылар тек грамматика мен сөздік қорын ғана емес, сондай-ақ тапқырлықтарын, жылдам ойлау қабілеттерін көрсетті.

Бұл викторина тілдердің тек қарым-қатынас құралы ғана емес, адамдарды біріктіретін көпір екенін, жаңа көкжиектер ашып, білімге деген құштарлық сыйлайтынын дәлелдеді.

Барлық қатысушылар мен жанкүйерлерге алғыс айтамыз!
Әр күніңіз жаңа білім мен жаңалыққа бастайтын қадам болсын!

Ұйымдастырушылар – ағылшын тілі пәні мұғалімдері:
Акижан М.А.
Бижаксинова Г.Қ.
Сажинова И.Қ.

Қатысушылар: 9–11 сынып оқушылары.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *