Құрметті жерлестер!
Қасиетті Құрбан айт мейрамы құтты болсын!
Бұл күн – Алланың разылығы үшін құрбан шалынып, мұқтажға қол ұшын берілетін, бауырмалдық пен жанашырлық салтанат құратын ұлық мереке.
Баршаңыздың шаңырағыңызға шаттық, отбасыңызға амандық, жүрегіңізге иман, тіршілігіңізге ырыс-береке тілеймін!
Құрбандықтарыңыз қабыл болсын, тілектеріңіз орындалсын!
Бір-бірімізге мейірімді болайық, рухани құндылықтарымызды дәріптеп, ұлт бірлігін бекемдейік!
Құрбан айт барша мұсылман жұртына қуаныш пен жақсылық әкелсін!
Айт мүбәрак болсын!
#7 жалпы білім беретін мектептің директоры А.Ш.Абдишева

