🎓Соңғы қоңырау-2025🛎️
24.05.2025 жылы мектебімізде ерекше әрі толқынысқа толы “Мектебім, саған мың алғыс!” салтанатты жиыны өтті.
Бұл күн – мектеппен қоштасу, балалық шақпен, ұмытылмас сәттермен қош айтысу күні. Мерекелік шара барысында түлектер ұстаздарына алғыстарын білдіріп, жүрекжарды жырларын арнады.
📚 Жылдар бойы білім мен тәрбие берген ұстаздарға мың алғыс!
👩🏻🎓 Қимастықпен қоштасып бара жатқан түлектерімізге сәт сапар тілейміз!
🌟 Алдағы жолдарың жарық болсын! Армандарыңыз орындалып, үлкен жетістіктерге жете беріңіздер!






