📋Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!!!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы №264 бұйрығына сәйкес, 2023-2024 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірден бастап 1 тамыз аралығында eGOV.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.
Қабылдау бекітілген Ережеге сәйкес 9.00-18.30‼️
‼️1-сыныпқа қабылдау 31 шілдеде аяқталатындықтан
мектепалды даярлық сыныптарындағы, балабақшаның даярлық топтарындағы балалардың ата-аналарына тағы да ақпарат жолдаймыз.
🗒️1-сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 6 жасқа толатын, яғни 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толатын балалар да бірінші сыныпқа бара алады.
🗒️Балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар:
● Ата-аналарынан өтініш;
● Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
● 3х4 фотосурет – 2 дана;
● Баланың денсаулығы туралы құжаттары (026/у-3 нысаны);
● Баланың денсаулығы туралы паспорты (063/у нысаны).
🏢Мекен жайымыз: Ұлытау облысы, Қаражал қаласы,
“N7 жалпы білім беретін мектебі” КММ
