Қазақстан Республикасының Оқу- ағарту Министрлігі «Балалардың құқықтарын қорғау» комитетінің 2014 жылдың 16 қыркүйектегі бұйрығымен 29 қазан- «Қамқоршылар күні» мерекесі болып жарияланған. «Қамқоршылар күні» мерекесі құтты болсын! Осы мерекеге орай Қаражал қаласы білім бөлімінің балалықты қорғау бойынша бас маманы А.Кульбаеваның ұйымдастыруымен #7 мектеп базасында «Балаға мейірімділік сыйла» тақырыбында мерекелік іс- шара өткізілді. Шараға жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуде ат салысқан 12 қамқоршы қатысты. Мерекелік шарада білім бөлімінің басшысы Т.Аштаев ата-аналарға құттықтау тілегін айтып, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы екеніне тоқталып өтті. Кеш «Балалардың барлығы бақытты болуы үшін жаралған» атты концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Шара қорытындысында әр қамқоршы білім бөлімі басшысының «Алғыс хатымен» марапатталды. Балаларға бағалы сыйлықтар табысталды.
Жауапты: әлеуметтік педагог Айтбек М.Н.
@karazhal_bilimbolimi
@kulbaeva_aigerim_bolatovna






