📚🇰🇿ҰЛЫТАУ БІЛІМІ-2023
Ұлытау облысында 58 416 баланы қамтитын 161 білім беру ұйымы жұмыс жасайды, оның ішінде 101 мектепке мектепке дейінгі ұйым (11 411 тәрбиеленуші), 88 мектеп (40 646 оқушы), 15 колледж (6 359 студент).
📚ӘР МЕКТЕП – ҮЗДІК МЕКТЕП
❇️2023 жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының шеңберінде Жезқазған қаласының Қабанбай батыр шағын ауданында 300 орындық мектеп құрылысы басталды.
❇️Білім беру инфраструктурасын қолдау қорының есебінен Абай атындағы ММИ 200 орындық жатақхана құрылысы жүріп жатыр.
❇️2024-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының шеңберінде 3 300 оқушы орнын қамтитын 5 мектеп (қалада – 2, ауылда – 3) құрылысы, жергілікті бюджеттен 80 орындық 2 мектеп құрылысы жоспарланды.
❇️2023 жылы 1,2 млрд теңгеге 32 нысанда (439,5 млн-күрделі жөндеу, 845,3 млн ағымдық жөндеу) жөндеу жұмыстары жүргізілді.
❇️438,4 млн теңгеге 45 пәндік кабинет сатып алынды
❇️«The Ulytau Educational Foundation» ҚҚ қорының қолдауымен облыстың 2 мектебіне 576 млн. теңгеге ағымдық жөндеу жүргізіліп, МТБ жаңартылды.
❇️«Ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру» бағдарламасы аясында «Қазақстан халқына» ҚҚ есебінен 2 тірек мектебінің МТБ жаңартылып, НЗМ ПШО арқылы әдістемелік қолдау жұмыстары ұйымдастырылуда және олар 10 магниттік мектепке жетекшілік жасайды.
@karazhal_bilimbolimi
@ulytau_bilim
