📚🇰🇿ҰЛЫТАУ БІЛІМІ-2023
Ұлытау облысында 58 416 баланы қамтитын 161 білім беру ұйымы жұмыс жасайды, оның ішінде 101 мектепке мектепке дейінгі ұйым (11 411 тәрбиеленуші), 88 мектеп (40 646 оқушы), 15 колледж (6 359 студент).
💖📚БАРШАҒА ҚОЛЖЕТІМДІ БІЛІМ
❇️Облыс бойынша 4 арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді (облыстық-2, қалалық/аудандық-2).
❇️Облыстық ПМПК 1500 балаға қызмет көрсетеді.
❇️ППТК бір кезеңде 200-ден артық балаға қолдау көрсетеді (Сәтбаев қаласындағы №7 ППТК 62 бала, Жезқазған қаласындағы ППТК 76 бала, Жаңаарқа ауданындағы ППТК – 40 бала).
ЕББҚ оқушы саны – 992 (Жезқазған – 440, Сәтбаев – 308, Қаражал – 84, Жаңаарқа – 136, Ұлытау – 24).
❇️Жалпы білім беретін мектептердегі 26 арнайы сыныпта 156 оқушы, 360 инклюзивті сыныпта 836 оқушы білім алады.
❇️Мектептерде 21 дефектолог, 41 логопед, 53 педагог-ассистент қызмет атқарады.
❇️11 мектепте инклюзияны қолдау кабинеттері жабдықталды.
🧗🏼♀️🎻 МЕКТЕП-ӘЛЕУМЕТТЕНУ ОРТАСЫ
❇️10 қосымша білім беру ұйымында 11008 оқушы қамтылған.
❇️Қосымша білім беру ұйымдарындағы және мектептердегі үйірмелер мен секцияларда барлығы 32753 (80,6%) оқушы қамтылған.
❇️23 комьюнити орталығы (988 оқушы) жұмыс істейді.
❇️ «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2023 жылы білім беру ұйымдары 45,7 млн теңгеге 9 652 көркем әдебиетпен толықты.
❇️«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» мен облыстық «Ұлағатты ұрпақ» кешенді бағдарламасы іске асырылуда.
❇️Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары аясында 75 Әжелер мектебі, 62 Аналар мектебі, 70 Аталар мектебі, 57 Жеңгелер мектебі ашылды.
❇️1109 оқушы «Балдәурен» республикалық сауықтыру орталығында, 59 оқушы «Бөбек» орталығында демалды.
❇️ «Қазақстан халқына» ҚҚ қолдауымен 200 ауыл баласы Астана және Алматы қалаларында демалды.
@ulytau_bilim
@karazhal_bilimbolimi
