Skip to content

ПДД “Регулировщик и его сигналы”. ЖҚЕ ” Реттеуші сигналдары”. 1)…

ПДД "Регулировщик и его сигналы".
ЖҚЕ " Реттеуші сигналдары".
1) қолдары екі жаққа созылған немесе төмен түсірілген:
сол және оң бүйір жақтарынан – трамвайға тіке, рельссіз көлік құралдарына тіке және оңға жүруге рұқсат етіледі, жаяу жүргіншілерге жолдың жүру бөлігін кесіп өтуге рұқсат етіледі;

кеуде және арқа жағынан – барлық көлік құралдарының және жаяу жүргіншілердің жүруіне тыйым салынады.

2) оң қол алға созылған:
сол бүйір жақтан – трамвайға солға, рельссіз көлік құралдарына барлық бағыттарда жүруге рұқсат етіледі;
кеуде жағынан – барлық көлік құралдарына тек қана оңға жүру рұқсат етіледі;
оң бүйір және арқа жағынан – барлық көлік құралдарына жүруге тыйым салынады;
жаяу жүргіншілерге жолдың жүру бөлігін кесіп өтуге реттеушінің арт жағынан рұқсат етіледі.

3) қол жоғары көтерілген:
осы бөлімнің 14-тармағында көзделген жағдайлардан басқа барлық көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің барлық бағытта жүруіне тыйым салынады.
Реттеуші қол қимылдарымен жүргізушілерге және жаяу жүргіншілерге түсінікті басқа да сигналдар беруі мүмкін.
Сигналдар жақсы көрінуі үшін реттеуші таяқшаны немесе қызыл сигналы бар дискіні (жарық шағылыстырғышты) қолдануы мүмкін.
@karazhal_bilimbolimi
#біртұтастәрбиеқаражал7жббм
@akan_kabulov
@police_qarajal
@meruert17.01

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *