Ұлытау облысы Жезқазған қаласы жастарының әскери-патриоттық тәрбиесін жетілдіру бойынша І форумы
⚜️Кеше Халықтар достығы мен мәдениет үйінде облыстық қорғаныс департаменті мен қалалық әкімдіктің бірлесуімен Ұлытау облысы Жезқазған қаласы жастарының әскери-патриоттық тәрбиесін жетілдіру бойынша І форумы өтті.
⚜️Форумның басты мақсаты: облысымызда әскери-патриоттық қозғалысты дамыту арқылы ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, патриоттық тәрбие жұмыстарын жандандыру, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің беделін көтеру, балалар мен жасөспірімдер арасында әскери-патриоттық қозғалыс жұмысының деңгейін көтеру, жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу және отан алдында борышын өз еркімен қорғауға даяр балалардың қатарын көбейту.
⚜️Аталған іс-шарада Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Өміртайұлы Жайлаубаев, Ұлытау облысының қорғаныс істер департаменті бастығы полковник Мейрембеков Ерен Оқасұлы, «Қазақ батырларының ерлігі мен ар-намысы» облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожамсейітов Сағындық Үсенұлы, Ұлытау облысының Бас имамы Жұмаділда Елдос Қуандықұлы, «Аналар жүрегі» облыстық аналар кеңесінің төрағасы Сеиілова Роза Төреханқызы, Ұлытау облысының «Ауғанстандағы соғыс және соғыс ардагерлері, мүгедектері одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасы Аманов Ақылбек Түсіпұлы және қалалық білім бөлімінің басшысы Әлмағанбетов Жеңіс Едігеұлы спикер болды. Форумға қаламыздың мектеп пен колледж оқушылары қатысты.
⚜️Іс-шара аясында Отан алдында борышын қорғайтын 30 сарбаздар мен Алматы қаласында өтетін «Айбын-2024» Х халықаралық әскери-патриоттық жиынға Ұлытау облысының атынан қатысатын Жезқазған қаласының 15 Жас сарбаздарына Жезқазған қаласы ақсақалдар кеңесінің мүшесі Нарыбай Қуанышбек ағамыз бата беріп, шығарып салынды. Форум концерттік бағдарламамен көркемделді.
@odokarazhal
@karazhal_bilimbolimi
