2024 жылдың 11 қарашадан бастап біздің мектебімізде тарих және география айлығының ашылу салтанаты басталды.
Айлықтың мақсаты – өткен тарихымыз бен табиғатымызды танып-біліп, рухани құндылықтарды бағалауды жастардың жүрегіне сіңіру. Іс-шараға оқушылар, мұғалімдер қатысып, біздің халықтың бай мұрасы мен сұлу табиғатын дәріптейтін өнерлерін паш етті. Қатысушылардың дайындықтары мен атқарған жұмыстары ерекше шабыт берді.
Бұл ай бойы біз тарих пен географияны тереңірек зерттеп, елдің көркем табиғаты мен тарихи жетістіктеріне жаңа көзқараспен қараймыз деп сенеміз.
Баршаға осы айлықта сәттілік және шабыт тілейміз!
#біртұтас_тәрбие
@karazhal_bilimbolimi
