Skip to content

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА «Ұлытау облысы білім басқармасының Қаражал қаласының білім…

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА
«Ұлытау облысы білім басқармасының Қаражал қаласының білім бөлімі» «№ 7 жалпы білім беретін мектебі» КММ 2024-2025 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау және мектеп бітіру шараларына байланысты келесі маңызды ережелер мен шектеулерді еске салады:
Бітіретін 4 және 9-11сынып оқушыларынан мектеп қажетілігіне деп ақша жинауға тыйым салынады;
Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыру;
Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге қандай да бір сыйлықтар беруге жол берілмейді;
Бұл шектеулер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этика мен әділеттілікті сақтау мақсатында енгізілген;
Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына немесе санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу үшін оқушылардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады;
«Соңғы қоңырау» іс-шарасы қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып өткізіледі. Оған тек бір заңды өкілдің қатысуына рұқсат етіледі;
Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігі мен педагогтарға кез келген сыйлықты қабылдауға тыйым салынады;
Оқушылардың автокөлік шеруіне шығуына, ойын- сауық орталықтары, мейрамханалар мен демалыс саябақтарына баруына тыйым салынады;
Қорытынды аттестаттау кезінде ата-аналардан ақша жинап, мерекелік дастархан ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады.
ҚҰРМЕТТІ ATA-AHA!
Жоғарыда аталған талаптарды назарда ұстай отырып, балаларыңыздың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауыңызды сұраймыз.
Сіздің ұл-қыздарыңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру біздің басты міндетіміз әрі абыройлы борышымыз.
Егер қандай да бір сұрақ мазаласа кез келген уақытта сіздің сұрағыңызды тыңдап, жауап беруге әрдайым дайынбыз!
Құрметпен, мектеп директоры Аманкул Шыныбаевна Абдишева.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *