Skip to content

“Көрісу күні” құтты болсын ❤️💐 Құрметті, әріптестер, оқушылар, ата-аналар, Сіздерді…

"Көрісу күні" құтты болсын ❤️💐

Құрметті, әріптестер, оқушылар, ата-аналар, Сіздерді Амал күнімен құттықтаймыз❗
🫂Қазақ халқы үшін күнтізбедегі айтулы мерекенің бірі – Көрісу күні. Иісі түркіге ортақ бұл мереке өскелең ұрпақты ізеттілік пен мейірімділікке, ауызбіршілік пен кішіпейілділікке, татулық пен бауырмалдыққа бастайды. Маңғыстау өңірінің жұрты Амал мерекесі деп те атайды.

🌳Ата-бабамыз осы күні қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басқанының құрметіне бас қосып, қауышуды құп көрген. Бұл күнді кешірім күні деп те атайды. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді. Туған-туыс, көрші-қолаңмен қауышқанына қуанып, қол алысып, төс қағысады.

🎍Жастар үлкендерге барып, амандасады. Ал ересектер кішілерге «Бір жасыңмен! Жас қайырлы болсын, өмір жасың ұзақ болсын!» деп ақ батасын береді. Әр үйде дастархан жайылып, ұлттық тағамдар қойылып, есендік сұрасады. Бұл бір күндік емес, айдың соңына дейін жалғасатын мереке.
Жыл басы құтты болсын,Ағайын❗
Жыл жақсылығымен келсін❗

☀️Көрісу күні или День встреч и приветствий – это давняя уникальная казахская традиция. В этот день принято навещать друг друга, поздравлять с наступлением весны, говорить добрые пожелания и оказывать уважение старшему поколению. Также в Көрісу күні надо простить давние обиды и забыть ссоры.

✨Көрісу күні подчёркивает такие ценности нашего народа, как уважение к старшим, забота о младших, гостеприимство, поддержка и помощь тех, кто в этом нуждается. В этот день младшие по возрасту приветствуют старших, а аксакалы благословляют молодых.

💐С праздником Көрісу! Пусть все трудности прошлого года останутся позади, а в новом году будет только счастье, здоровье и успех!

#біртұтас_тәрбие
#көрісукүні

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *