«Тоғызқұмақ» ойынының төрт мың жылдық тарихы бар…
Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ойды дамытуға арналған ойын.
Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын. Қазақи аңыздарға сенетін болсақ, тоғызқұмалақ ойынын қарапайым қойшылар ойлап тапқан. Ол екі адам арасында ойналады.
Сан ғасырлық тарихы бар ұлттық тоғызқұмалақ ойынының тәрбиелік мәні өте зор. Бұл ойынды ойнап, мәнін терең түсіну үшін адам бойында белгілі бір қабілеттер болу қажет деп дөп басып айту қиын. Себебі, әр адамның қабылдауы мен түсінуіне байланысты уақыт өте адам бойында белгілі бір қабілеттер қалыптаса бастайды. Кез келген дүниені тереңінен ойланып, шешім қабылдауды, сонымен қатар әр уақытта төзімділік пен сабыр сақтай білуді, өмірде болатын әртүрлі жағдайда жеңіліс пен жеңісті қатар қабылдауды үйретеді.
#біртұтас_тәрбие
#наурызнама2025
#тоғызқұмалақ
@karazhal_bilimbolimi










