Skip to content

Арқан тартыс ойыны — ұлттық ойын. Ойынды жазда көгалды алаңда,…

Арқан тартыс ойыны — ұлттық ойын.
Ойынды жазда көгалды алаңда, спорт залында өткізуге болады. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек.
Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10-12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады.
Ойыншылардың мақсаты — тартысқа түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету.
Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады, жеңген жағы бәйгесін алады.
Ойын қимыл бірлігін қалыптастырып, коллективтік іс-әрекетке тәрбиелейді.

#біртұтас_тәрбие
#арқантартыс
@karazhal_bilimbolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *