Қазақ халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі – бата беру. Бата – жақсылық пен игі ықыластың, ақ тілектің айғағы. Бата жақсылыққа дол ашады, ырыс-ынтымаққа шақырады. Соның бірі- "Наурыз батасы". Талапкер жастар Наурыз күні дуалы ауыздың уыз батасын орны ерекше. Ақ бата – ұлтымыздың теңдесі жоқ асыл сөз. Наурыз мерекесінің он күндігіне байланысты мектебімізде " Салт-дәстүр, асыл қазынам. Бата беру" тақырыбында шағын қойылым болып өтті. Мақсаты: жас жеткіншектерді батаны өмірде қолдана білуге, бата беріп үйренуге баулу, салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.
Өткізген: театр үйірмесінің жетекшісі А.М.Кулунбетова, А.А.Мухаметжанова.
#біртұтас_тәрбие
#наурызнама
#батаберу
