Мектебімізде "Қамқор" жобасы аясында, «Taza like» жобасы бойынша мектеп оқушыларының 1-сәуір Құстар күніне орай құстарға ұя жасады.
1- сәуірде әлем бойынша құстар күнін дәстүрлі түрде атап өтеді.
Бұл күннің шығу тарихы хх ғасырдан басталады. 1902 жылы Парижде оншақты мемлекет қол қойған «Халықаралық ауыл шаруашылығында маңызы бар құстарды қорғау конвенциясы»-құрылды. 1905 жылы 12-желтоқсанда күшіне еніп, 1906 жылдан тойлана бастады.
Атаулы күннің мақсаты – табиғаттағы құстардың барлық түрін жұмыртқа салу және жылы жаққа қайту мезгілдерінде қамқорлыққа алу, жоғалып кету қаупі бар құс түрлерін қорғау, құстарды аулаудың кейбір түрлеріне тыйым салу, құс өсіру және адамдарды табиғатты сақтауға сауаттандыру үшін қорықтар ашу.
#біртұтас_тәрбие
@karazhal_bilimbolimi





