Skip to content

№7 ЖББМ-де 1 «а», «ә», «б» сыныптарының оқушыларымен бейімделу жұмыстары…

№7 ЖББМ-де 1 «а», «ә», «б» сыныптарының оқушыларымен бейімделу жұмыстары жүргізілді.

Оқушының мектепке дұрыс бейімделуі бала психикасы үшін өте маңызды.

Себебі, баланың бастапқы іс-әрекетінің түрі өзгереді, бала тап болған әлеуметтік орта өзгереді. Бала тек қана сыныбына ғана емес, жалпы мектебіне, мұғаліміне, сондай-ақ мұғалімнің өзі жаңа оқушыларына бейімделуіне тура келеді.

Баланың оқу процесіне, мектепке бейімделуі 2-3 аптадан алты айға дейін созылуы мүмкін.

Бұл көптеген факторларға байланысты:
🟢баланың индивидуалдық ерекшеліктері;
🟢басқалармен қарым-қатынасындағы ерекшеліктері;
🟢оқу орнының типі және баланың мектеп өміріне дайындығының деңгейі.

Бұл жерде балаға ересектердің, яғни ата-анасының қолдауы қажет.

Жауапты: мектеп психологтары Сексенбаева К.Т., Мұқажан М.Қ.

@safura_seidualiqyzy
@karazhal_bilimbolimi
@akan_kabulov

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *