Skip to content

26 сәуір күні Қаражал қаласының 60 жылдық мерейтойына орай “Қаражал…

26 сәуір күні Қаражал қаласының 60 жылдық мерейтойына орай “Қаражал қаласының жастар ресурстық орталығы КММ” ұйымдастыруымен “Жастар елдің он күші” атты тақырыпта пікірсайыс өтті. Берілген тақырыптан ауытқымай нақты дәлелдер келтіре отырып, өз ойларын ұтымды түрде ортаға жеткізе білген мектебіміздің “Білімділер” тобынан құралған бетке ұстар оқушыларымыз Кеңес Нұрай, Салимбекова Еркеназ және Мұратбай Жания пікірсайысқа қатысып, 1 орын және 50 000 теңге сыйақыға ие болды.
Сонымен қатар, пікірсайыста белсене қатысып ерекше көзге түсіп, “Жарқын спикер” атты номинациясымен Мұратбай Жания марапатталды.
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Кенесова М.Ж

@karazhal_bilimbolimi
@safura_seidualiqyzy

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *