2025 жылдың 29 қазанында N 3 ЖББМ КММ базасында Қаражал қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Мектеп жасына дейінгі балалардың жаңа технология арқылы коммуникативтік дағдыларын дамыту" тақырыбында қалалық семинар өтті.
Әріптестеріміз: Г.С.Әбдірахман (мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі) және Г.А.Нысанова ("Балдырған" шағын орталығының "Еркетай" ересек тобының тәрбиешісі) мектебіміздің намысын қорғап, семинарға дайындаған жұмыстарын сәтті баяндамалап шықты.
#birtutas_tarbiye
#karazhal_bilimbolimi










