2024 жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстанда «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды.
Жалпы республикалық акция 2024 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында өтеді.
Акция аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған.

