20.11.2025 жылы 5 “Ә” сыныбында қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі А.Н. Отарбаева LS -3 өткізді. Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин "Атымтай жомарт"әңгімесі. Жомарттық – қайырымдылық тамшысы. Сабақ барысында оқушылар топтық жұмыс арқылы мәтіннің мазмұнын талдап, негізгі ойды анықтауға белсенді қатысты. Балалар жұппен пікір алмасып, тапсырмаларды бірлесіп орындау арқылы жомарттық пен қайырымдылық ұғымдарын өмірмен байланыстыра алды. Сабақта зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді әдістер қолданылып, оқушылардың қызығушылығы жоғары болды.
#біртұтас_тәрбие #karazhal_bilimbolimi

