Skip to content

17 Наурыз – тарих күні, бұл күні жастарды ұлттық құндылықтарға…

17 Наурыз – тарих күні, бұл күні жастарды ұлттық құндылықтарға баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу, туған өлкенің тарихы туралы ойларын кеңейту, қалыптастыру мақсатында, Қаражал қаласының 60 жылдығы аясында «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты @cbskarazhal қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді. Іс – шараға #7 ЖББМ 9-11 сынып оқушылары қатысы. Аталған шараға қонақ ретінде қатысқан қаламыздың құрметті азаматы Сатанов Рахымжан , №7 жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің ұстаздары. Қаламыздың құрметті азаматы, зейнеткер ұстаз Сатанов Рахымжан сөз сөйлеп, жастарды тарихты зерделеуге және өз елін сүюге шақырды. Дөңгелек үстел барысында Мұхаметжанова Алия мен Тулегенова Мақпал Қаражал қаласының тарихына тоқтала кетіп, «Қазақ тарихы» тақырыбында баяндама жасады. Оқушылар кездесу барысында сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды.

@karazhal_goroo
@safura_seidualiqyzy

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *