10 "Ә" сыныпта "Қазақ елі менің – Отаным" атты рух сағаты өтті.
Мақсаты: оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеуге ықпал етуге.Тәуелсіздік күні – патриотизмді арттыру, ұлттық рухты көтеру күні. Біздің әрқайсымыз елімізді сүйіп, оның дамуына үлес қосуымыз қажет. Отанымыздың тарихын, мәдениетін білу, оны құрметтеу – біздің борышымыз. Отанымыздың әрбір жетістігі – біздің ортақ жетістігіміз.
Сынып жетекшісі: Тулегенова Макпал Муталяповна
#біртұтас_тәрбие
@karazhal_bilimbolimi
