10.10.2025 жылы 5 “Ә” сыныбында көркем еңбек пәнінің мұғалімі Абдикалыкова М.С. LS -1 өткізді. Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнектің қысқаша тарихы мен түрлері. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері. Сабақ барысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында ою-өрнек түрлерін салыстыру және өз бетінше бейнелеу әдістері қолданылды. Сонымен қатар ұлттық мәдениетке қызығушылықты арттыру үшін қазақтың дәстүрлі ою-өрнектерінің мәні мен тарихы талқыланды.

