Skip to content

1 Қазан – Халықаралық қарттар күніне орай “Қариясы бар ел-…

1 Қазан – Халықаралық қарттар күніне орай "Қариясы бар ел- қазынасы бар ел" демекші мектебіміздің ардагер ұстазы Раушан Махаевнаны мектеп директоры мен əкімшілігі құттықтады.
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.
Үлкендеріміз аман болсын!

@safura_seidualiqyzy
@karazhal_bilimbolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *